Ақтөбе облысындағы шахтада алапат өрт болды

27.05.2025 15:09 Admin Admin
Ақтөбе облысындағы шахтада алапат өрт болды
0
259
Фото: freepik.com

Ақтөбедегі Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде өрт шығып, 3 кеншіні күйік шалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Кеніштің тау-кен блогында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болған. Жұмысшылардың беті мен қолын күйік шалды. Облыстық ТЖД жұмысшылардың әртүрлі дәрежеде күйік шалғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер шахта қызметкерлерінің көмегімен жер бетіне көтерілген. Сағат 23: 50-де жұмысшылар жедел жәрдем бригадасына тапсырылған. 

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін айтты. Қазір оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде.

«Екі пациент жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Үшіншісі травматологиялық бөлімшеге жатқызылған. Науқастар бақылауда болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий