Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлап кетті

29.05.2026 09:29 Мөлдір Қайнар
Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлап кетті
278
Фото: instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбеде ауладағы футбол алаңында болған оқыс оқиға салдарынан бала зардап шекті. Оның үстіне футбол қақпасы құлаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған видеода дәрігерлердің балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқаны көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жағдай қаладағы 12-шағынауданда болған. Куәгерлердің айтуынша, баланың үстіне құлаған футбол қақпасы жерге тиісті түрде бекітілмеген.

Оқиғаға қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы аясында тіркеу жүргізілді. Футбол алаңының салынуы мен оған қызмет көрсетуге қатысты барлық мән-жай Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен жауапты тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий