Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтаған

Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтаған
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өз анасын өлтіріп, әжесінің өміріне қастандық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке қаладағы пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түскенін растады.

«Шақырту бойынша келген жедел топ әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітін анықтады. Сонымен қатар, сол пәтерден пышақ жарақаттары бар қарт әйел медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу барысында қылмысын мойындаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу