Ақтөбеде жер телімдері заңсыз сатылып жатыр?
«Байтақ» партиясы төрағасының орынбасары Ақтөбеде жердің заңсыз сатылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Байтақ» партиясы төрағасының сайлауалды штабының жұмысын үйлестіру жөніндегі орынбасары Ерәділ Үббиниязов әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, Ақтөбедегі жердің заңсыз сатылымына қатысты дабыл қақты.
Ол жариялаған видеода жол бойындағы ағаштар өсіп тұрған жер телімінің сатылымға қойылғаны көрсетілген. Бейнежазбадағы ер адам жерде орнатылған тақтайшадағы нөмірге қоңырау шалып, жердің сатылатынын растайды.
Ерәділ Үббиниязов өз жазбасында Ақтөбедегі жасыл желектердің заңсыз жойылып, жердің сатылып жатқанын айтып, бұл әрекеттерді тоқтатуды талап етті.
Айта кетейік, бұған дейін де Ерәділ Үббиниязов жергілікті биліктің жұмысын сынап, түрлі мәселелер бойынша Президент Қасым-Жомат Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...
16.10.2026
14:43
Қазақстандықтар киім мен аяқкиімге қанша ақша ж...
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...