Ақтөбедегі алапат жол апаты 5 адамның өмірін қиды
Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында жүк көлігі және жеңіл машина соқтығысты. Оқиға орнында 4, ауруханада 1 адам көз жұмды.
Көз жұмғандардың екеуі – бала.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
26 тамызда 18:45 шамасында Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауданы Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды, - делінген хабарламада.Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...