Ақтөбедегі әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты

Ақтөбедегі әйелдің өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе қаласының орталығында ер адамның әйелге пышақ сұғып, мерт қылған сәті ауланың бейнебақылау камерасына жазылып қалды, деп хабарлайды Politico.kz "Диапазон" басылымына сілтеп.

Қайғылы оқиға 12 қазанда Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Бейнежазбадан сәкіде (скамейка) отырған келіншекке ер адамның жақындағаны, ал әйел одан қашып кетпек болғанда артынан қуып жетіп, арқасынан пышақ салғаны көрінеді. Алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Анықталғандай, марқұм қылмыс орын алған үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істеген.

Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар бұрыннан таныс болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп, оқиғаның толық мән-жайы мен қылмыстың нақты себептері анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу