"Ақтығымды Алла білсе болды": Блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап берді

"Ақтығымды Алла білсе болды": Блогер Ырысбала Икрамбай өзін сынағандарға жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзіне сын тағып, сөз ертіп жүргендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі белсендісінің айтуынша, ол ешкімнің алдында ақталмайды, өйткені Жаратушының алдында ары таза:

«Мен туралы өтірік, өсек айтып атақ жинағысы келгендер — білген боқтарыңды жеңдер! Маған бәрібір. Ақтығыңды Алла білсе болды емес пе, ақталма деген позицияда қаламын! Мен туралы өсекті өзімнен естіңіздер», — деп жазды ол.

Сонымен қатар блогер өзіне қайырымдылықты міндетсіндің деп кінә артқандарға да шүйлікті:

«Сен міндет қылып қайырымдылықпен айналыспай-ақ қойшы деп едіңіздер, жақсы, мен қойдым. Кәне, қайсысың қолға алғандарың? Өз қолынан түк те келмейді, өз өмірінде түк те бітірмейді, бірақ біреуге ақыл айтып, біреуді түзеп, біреуге бөгет болу — наданның ісі...», — деп сөзін түйіндеді Ырысбала Икрамбай.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу