Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті

Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
Фото: adebietportal.kz

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бекжан Төребекұлы 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туған. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрiп, ұзақ жылдар бойы осы салада жемісті еңбек етті.

Ол әр жылдары «Қазақ университетi», «Ел мен Жер» газеттерінің бас редакторы, «Azamat.kz», «Жас қазақ үнi» және «Қазақ әдебиетi» басылымдарында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар ақын "Қоңыр әуен" жыр жинағы мен бірнеше өлеңдер кітабының авторы. Марқұмның өлеңдері республикалық басылымдарда тұрақты түрде жарық көріп тұрды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу