Ақын Серікзат Дүйсенғазының отбасы қара жамылды

Ақын Серікзат Дүйсенғазының отбасы қара жамылды
Фото: әлеуметтік желіден

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының әкесі Мақсұт Дүйсенғазыұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаралы хабарды ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.

«Бүгін асқар тау әкем Мақсұт Дүйсенғазыұлы Раббысына қайтты. Жаназасын қосымша хабарлаймыз», – деп жазылған жазбада.

Ол бұған дейін әлеуметтік желіде биылғы шілде айында әкесінің ауырып жүргенін жазған еді.

Еске салайық, күні кеше әнші Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу