«Әркім өзі таңдау жасайды»: депутат Украинадағы соғысқа кеткен қазақстандықтар туралы айтты

05.11.2025 16:12 Әсел Мұрат
«Әркім өзі таңдау жасайды»: депутат Украинадағы соғысқа кеткен қазақстандықтар туралы айтты
0
340
РИА Новости / Evgeniy Maloletka

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Украинадағы соғысқа кеткен қазақстандықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Депутат «әркім өзі таңдау жасауға құқығы бар» дейді. 

«Мысалы өзінің тарихи отанында болып жатқан соғысқа қатысамын деп кеткен адамдар болса, оларға қандай да бір тосқауыл қоямыз деп айта алмаймын. Бізде тек Қазақстан заңымен азаматтар соғысқа қатысып, содан келсе ғана жауапқа тартылады. Ал егер өзі кетіп, тарихи отанымды қорғаймын десе онда біз қалай тосқауыл қоямыз? Әркім өзінің атамекенін қорғауы заңды нәрсе ғой», – дейді Зайытов.

Еске салайық, бұған дейін Орал қаласының тұрғыны күйеуінің Украинадағы соғыста жалдамалы ретінде қаза тапқанын әлеуметтік желіде тараған тізімнен бір-ақ білгені туралы ақпарат тараған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий