Арман Дүйсеновтің ұлының өлімінде күмәнді тұстары өте көп — заңгер
1185
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев композитор Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызына құқықтық қолдау көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Заңгердің айтуынша, Айсұлумен сөйлескеннен кейін істің бірқатар күмәнді тұстары анықталған.
«Алдымен жолдасы Арманның, артынша баласы Абылайдың қазасы, енді міне соттың отбасы мүшелерін үйден шығару туралы шешімі… Маған ұсынылған құжаттарды зерделей отырып, бұл істің күмәнді жақтары өте көп екенін аңғардым. Бір отбасыға мұндай ауыртпалықтың қатарынан түсуі – өте ауыр жағдай. Осындай кезде кеше жанында болған жақындар алыстап, адам жалғыз қалып қоятын кездер болады. Дегенмен, Айсұлу ханымды қарапайым халық жалғыз қалдырмайық», – деді Шекеев.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...