«Арманым жоқ» деуге болмайды: Айгүл Иманбаева әкесімен қоштасу сәті туралы сыр шертті
782
Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі араға 40 жыл салып әкесімен қайта қауышқанын, алайда бұл қуаныштың ұзаққа созылмағанын еске алды. Оның сөзіне қарағанда, осы кездесуден кейін көп ұзамай әкесі өмірден өткен.
«Араға 40 жыл салып, әкеммен қайта табысқан едім. Сонда әкем: "Екінші жолдасымнан туған қызымды өз үйіріме қостым, енді бұл дүниеде арманым жоқ", – деген еді. Содан кейін араға үш ай салып дүниеден озды. Адам баласының "арманым жоқ" деп айтпауы керектігін сонда ғана түсіндім. Ешқашан армандаудан шаршамаңыздар, армандарыңыз асқақ болсын», – деп жазды Айгүл Иманбаева
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
09:08
«Достық емес, Ленин»: қазақша көше атауларын мо...
08.10.2026
09:00
«Тіркеуден шығара беріңдер»: Мақпал Жүнісова Пр...
08.10.2026
09:00
«Баламызды соғыстан қайтарыңдар»: ата-аналар Сы...
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...