Асан Ескендіров Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды

Асан Ескендіров Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды
Фото: Конституциялық сот

Құрылтай депутаттары Асан Қайроллаұлы Ескендіровті Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы етіп сайлады. Оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Президенттің ұсынысын депутаттарға Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов таныстырды.

«Сіздердің қарауларыңызға Асан Қайроллаұлы Ескендіровті Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыныс енгізілді. Оның сот жүйесіндегі тәжірибесі мол. 30 жылдан астам уақыт бойы соттың барлық деңгейінде жұмыс істеген. Еңбек жолын аудандық соттың судьясы болып бастап, кейін Ақмола және Павлодар облыстарындағы ауданаралық экономикалық соттарды басқарған», – деді Малахов.

Оның айтуынша, Асан Ескендіров облыстық соттың судьясы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасын басқарған.

2016–2022 жылдар аралығында, яғни 7 жыл Жоғарғы соттың судьясы болған. Одан кейін төрт жылға жуық Конституциялық соттың судьясы қызметін атқарған.

Депутаттар президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдап, Асан Ескендіровті Жоғарғы соттың судьясы етіп сайлады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу