«Ашу-ыза, қызғаныш»: Назарбаевтың немересі күтпеген мәлімдеме жасады

22.05.2026 16:51 Мөлдір Қайнар
«Ашу-ыза, қызғаныш»: Назарбаевтың немересі күтпеген мәлімдеме жасады
73
Фото: коллаж politico.kz

Нұрәлі Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында адамның ішкі болмысы, рухани өзгерісі мен саналы өмір сүру туралы ой бөлісті, деп жазады Politico.kz.

Тұңғыш президенттің жиен немересі қазіргі кезеңді адам өміріндегі маңызды бетбұрыс уақыты ретінде сипаттап, ішкі жан дүниемен жұмыс істеуді кейінге қалдырмауға шақырды. Оның айтуынша, әлемде жүріп жатқан өзгерістер адамдардың да ойы мен өмір салтына әсер етіп жатыр.

«Қазір күтіп отыратын уақыт емес. Автопилот режимінде өмір сүретін кезең аяқталды. Әлем өзгеріп жатыр, адамдар да мұны сезіне бастады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Нұрәлі Әлиев адамның бойындағы ашу, қорқыныш, қызғаныш пен өкпе секілді жағымсыз сезімдер енді салдарсыз қалмайтынын айтып, рухани тазалықтың маңызын атап өтті.

«Жаңа шынайылық ойдың, жүректің, ниеттің және энергияның тазалығын талап етеді», – деді ол.

Іскер азамат оқырмандарына өз ойларын бақылап, өкпе-реніштен арылып, қорқыныштың жетегінде кетпеуге кеңес берген. Сонымен қатар ол адамның өзгерісі сырттан емес, ішкі дүниеден басталатынын жеткізді.

«Егер ішіңізде өзгеріске деген үнді сезсеңіз – оны елемеңіз. Бұл жан дүниеңіздің өз болмысыңызды еске салуы», – деп түйіндеді Нұрәлі Әлиев.

Войдите, чтобы оставить комментарий