Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қайта тағайындалды

08.07.2026 10:15 Қарақат АСЫЛОВА
Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып қайта тағайындалды
74
Фото: Жоғары сот

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Асламбек Мерғалиев Қазақстанның Жоғарғы сотының төрағасы лауазымында қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", — делінген Ақорданың хабарламасында.

1972 жылы Павлодар облысы Қарақұдық ауылында туған ол сот жүйесінде үлкен тәжірибе жинақтаған. Өз мансабын Екібастұзда қатардағы заңгер болып бастап, кейін Павлодар қаласы мен облысындағы соттарда түрлі қызметтер атқарған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстық соттарын басқарған. Ол еліміздің Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне алғаш рет 2022 жылдың желтоқсанында келген болатын.

Сонымен қатар Мерғалиев Судьялар одағы Орталық кеңесінің, Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңестің және биылдан бастап Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі саналады. Былтыр ол үшінші дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.

Айта кетейік, осыған дейін Берік Асылов та Қазақстанның Бас прокуроры қызметіне қайта тағайындалған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий