Астанаға ШЫҰ елдеріндегі сыртқы саяси ведомство басшылары келеді
357
2024 жылғы 21 мамырда Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Іс-шараға ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры қатысады.
«Отырыс барысында биыл Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарланған. Делегация басшылары Ұйым аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады. Отырыста Ұйымның алдағы саммитінің қорытынды құжаттарына қатысты бірқатар шешімге қол қою, сондай-ақ ақпараттық хабарлама қабылдау ескерілген», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық баспасөз мәслихатында.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...