Астана күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?
1331
Жыл сайын 6 шілдеде атап өтілетін Астана күні мерекесіне орай қазақстандықтардың қалай демалатыны белгілі болды. Мерекелік күн аптаның басына, яғни дүйсенбіге түскендіктен, ел тұрғындары қатарынан бірнеше күн демалу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мерекеге байланысты еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) да бұл күні жұмысын уақытша тоқтатады.
Бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін мерекеде қатарынан үш күн демалыс беріледі. Олар 4, 5 және 6 шілде (сенбі, жексенбі және дүйсенбі) күндері демалып, аптаның алғашқы жұмыс күнін 7 шілде, сейсенбіде бастайды. Бұл бес күндік графикпен жұмыс істейтіндер үшін таптырмас қысқа мерзімді демалыс болмақ.
Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін тұрғындар үшін қосымша демалыс тек мереке күніне, яғни 6 шілде, дүйсенбіге ғана тиесілі болады. Бұл жағдайда 4 шілде, сенбі күні әдеттегідей жұмыс күні болып қала береді де, олар үшін демалыс 5 және 6 шілде күндеріне созылады.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
13:13
Немересін алып кетуге келген: Астанада Ресейдің...
02.10.2026
12:54
«Нағыз сұлу»: Қамшат Жолдыбаева ұлттық нақыштағ...
02.10.2026
11:55
«Аузы мен қолын бинтпен байлаған»: Алматыда жал...
02.10.2026
11:39
Тоқаев жасанды интеллектке жауапкершілікпен қар...
02.10.2026
11:12
Жеңілдетілген салықпен жұмыс істейтін бизнестің...
02.10.2026
11:11
«Қатты ауырғанымда ол кісі өзге үйде еді»: Жұл...