Астана, Қарағанды және Павлодарды сумен қамтитын канал жаңартылады

Астана, Қарағанды және Павлодарды сумен қамтитын канал жаңартылады
03.02.2025 11:09
0
105
kaztag.kz
2028 жылға дейін Сәтбаев каналында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Сәтбаев атындағы каналдың кешенді жаңғырту жұмыстары 2028 жылға дейін аяқталады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы төрт жыл ішінде каналдағы 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сәтбаев каналы Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астананы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл каналдың суын өндірістік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы субъектілері де пайдаланады. Каналдың жалпы ұзындығы – 458 шақырым.

Министрліктің мәліметінше, халық санының артуы мен өнеркәсіптік нысандардың көбеюіне байланысты суға деген сұраныс өсіп келеді.

"Жол картасына сәйкес, 2028 жылға дейін 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын жаңартамыз. Бұл шаралар су жеткізу сапасын арттырып, каналдың ұзақ мерзімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или