Астана тұрғындарына тіл тигізген сарапшы Андрей Чеботаревке айыппұл салынды

Астана тұрғындарына тіл тигізген сарапшы Андрей Чеботаревке айыппұл салынды
12.09.2025 14:12
0
122
Андрей Чеботарев

Астана соты сарапшы Андрей Чеботаревке елорда тұрғындарына қатысты айтқан ауыр сөздері үшін 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

Полицияның мәліметінше, 52 жастағы сарапшы әлеуметтік желіде астаналықтарға балағат сөздер айтып, өлім тілеген жазба жариялаған. Кейінірек Чеботаревтің өзі бұл әрекетін жол ережесін бұзатын жүргізушілердің қылығына ашуланғанымен түсіндірген.

Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танып, айыппұл тағайындады.

Еске сала кетсек, оқиға 3 қыркүйекте болған. Чеботарев өзінің Threads парақшасында елордалық жүргізушілердің мәдениетін сынға алып, ауыр сөздер жазған. Қоғам тарапынан қатты сынға ұшырағаннан кейін, блогер жазбасын өшіріп, кешірім сұраған видео жариялады. Алайда, кейінірек тағы бір видеода өзін «ақпараттық шабуылдың» құрбаны деп атады.

Бұл оқиға қоғамда әртүрлі пікір тудырды: кейбіреулер оны эмоцияға берілді десе, басқалары мұндай сөздерге жол беруге болмайтынын айтты. Полиция өз кезегінде әлеуметтік желідегі жазбалар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий