Астанада 14 жастағы жасөспірім 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасады
Бетіне бірнеше жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді
11 ақпан күні кешкі уақытта Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. 14 жастағы жасөспірім лифт ішінде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасап, оның бетіне бірнеше жарақат салған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бала ауыр жарақатпен №2 қалалық аурухананың жақ-бет хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасап, қан кетуді тоқтатты. Қазіргі таңда бала ауыр, бірақ тұрақты жағдайда, өміріне қауіп жоқ.
Шабуыл жасаған жасөспірімнің психикалық ауытқуы болған
Тергеу барысында белгілі болғандай, шабуыл жасаған жасөспірім бұрын "шизофрения" диагнозымен есепте тұрған. Бұған қоса, оның бұрын да басқа балаларға қатысты күмәнді әрекеттер жасағаны анықталды. Бұрын ол кішкентай қызға тиіспек болған, бірақ сол кезде жолдан өткен адамдар араша түсіп, оны тоқтатқан.
- Полиция күдіктіні заңды өкілімен бірге дереу ұстады.
- Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
- Жасөспірім тергеу амалдарынан кейін оқшауланбақ.
- Оның заңды өкілі "ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамады" деп жауапқа тартылды.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...