Астанада әскерде жарақат алып, қайтыс болған Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Астанада әскерде алған ауыр жарақатынан кейін екі жылдан астам уақыт бойы өмір үшін күрескен Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтуде, деп хабарлайды Politico.kz.
Оны соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, жақындары және ол мерзімді әскери қызметін өтеген Ұлттық ұлан өкілдері келді. Қаралы жиында жақындары көз жасына ерік беріп, қайғыдан қан жылауда.
Ербаян Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның №5571 әскери бөлімінде қызмет еткен болатын. 2023 жылдың желтоқсанында ол ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен еді.
Сарбаздың туыстарына оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғаны айтылған.
Ол 24 маусым күні қайтыс болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
08.11.2026
17:31
Мектептерден ай сайын 375 мың теңге талап етілм...
08.11.2026
16:25
Қарағанды облысында ер адам жанжал кезінде әйел...
08.11.2026
15:32
50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп дирек...
08.11.2026
14:33
ҚазҰУ-дағы жұмбақ өлімі: Студент қыздың өліміне...
08.11.2026
13:36
Атырау тасжолында жантүршігерлік жол апаты: Бір...
08.11.2026
12:34
Ақтауда толассыз жауған жаңбыр кесірінен қаланы...