Астанада ауруханада емдеу кезінде 9 айлық сәби күйіп қалды
1148
Астанада ауруханада 9 айлық сәби ауруханада ем алу кезінде кенет күйіп қалған, деп хабарлайды Politico.kz.
Сәбидің анасы мұны дәрігерлердің салғырттығынан көріп отыр.
KöpSöz Telegram арнасының мәліметінше, астаналық әйелдің қызы №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмония диагнозымен жатқызылған. Сәби жансақтау бөлімінде емделген. Анасының айтуынша, емдеу кезінде медициналық қызметкерлердің немқұрайлығынан сәби аяғынан күйік алған.
Анасы медициналық қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын және қажетті бақылаудың болмағанын айтып отыр. Ол ресми тексеру жүргізіп, жауапты тұлғаларды тәртіптік және басқа да жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.
Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...