Астанада оқушыларға дөрекілік танытқан мұғалім жұмыстан қуылды
Әлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыларға дөрекі түрде сөйлеп, күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Кадрларда оның дауысын көтеріп, балағат сөздер қолданғаны байқалады, деп хабарлайды Politico.kz.
KopSoz telegram-арнасының мәліметінше Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды педагогикалық әдеп нормаларын өрескел бұзу деп бағалады. Қазіргі уақытта мектепте қызметтік тексеріс жүргізіліп, мұғалім уақытша қызметінен шеттетілді.
Сонымен қатар, оқушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Мұғалімнің әрекеттері педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, тиісті тәртіптік шаралар қабылданады.
Жағдай Астана қаласының білім басқармасының бақылауында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...