Астанада танымал комиктің концерті ортасынан үзіліп қалды

20.08.2026 10:17 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Астанада танымал комиктің концерті ортасынан үзіліп қалды
203
Фото: instagram.com/artist.production

Астанада стендап-комик Ғалым Қалиақбаровтың концертін әкімдік пен полиция қызметкерлері тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 19 тамыз күні кешке Carlin мекемесінде болған. Желіде таралған кадрлардан белгілі болғандай өнер көрсету барысында залга бір ер адам кіріп келген. Ол бұл іс-шараның заңсыз өтіп жатқанын мәлімдеген.

Есіл ауданы әкімдігінің мәліметінше бұл мәдени-бұқаралық іс-шара ресми түрде келісілмеген. Ұйымдастырушылар заңға сәйкес концерт өтетіні туралы 10 күн бұрын міндетті хабарлама жіберуі тиіс болған.

Бұл рәсім жай ғана формалдылық емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты саналады. Уақтылы берілген хабарлама төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл қызметтердің жұмысын жедел үйлестіруге көмектеседі. Бұл қадам келушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажет.

Әкімдік өкілдері заң талаптарын және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін оқиға орнына арнайы барған. Алайда ұйымдастырушылар қызметкерлердің мекеме аумағына кіруіне кедергі келтірген.

Осы жағдайға байланысты іс-шараны ұйымдастырушылар Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Онда олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заң талаптары мен рұқсат етілмеген жиындардың қаупі толық түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар босатылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий