Астанада түнгі клубтың алдында 18 жастағы жігітті бауыздап кетті

29.12.2025 10:40 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Астанада түнгі клубтың алдында 18 жастағы жігітті бауыздап кетті
0
290
Фото: tengrinews.kz/Midjourney

Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында болған төбелес салдарынан 18 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде, оның ішінде Threads платформасында тарады. Желі қолданушылары жас жігіттің пышақ жарақатынан көз жұмғанын жазған.

Аталған жағдайға қатысты пікір білдірген елордалық полиция Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Қылмыстық іс денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соққан бап бойынша тіркелген.

Полиция мәліметінше, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу барысында түнгі ойын-сауық мекемесінің маңында жастар арасында ауызша жанжал туындап, ол кейін төбелеске ұласқаны анықталған. Алған жарақаттарының салдарынан 18 жастағы азамат оқиға орнында немесе медициналық көмек көрсетілгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Астана қалалық полиция департаменті тұрғындарға ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын еске салды.

Құқық қорғау органдары кез келген заңға қайшы әрекет үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий