Астанада жел тұрғын үйдің қабырғасын жұлып әкетті

11.03.2026 20:21 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада жел тұрғын үйдің қабырғасын жұлып әкетті
355
Видеодан кадр
Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті желге шыдамады

11 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де Астанада қатты жел салдарынан тұрғын үйдің қасбетінің бір бөлігі құлап түсті. Оқиға 2015 жылы пайдалануға берілген «Айка» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Күшті желдің әсерінен ғимараттың сыртқы жылу оқшаулағыш қабаты (утеплитель) ажырап кеткен. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.Қазіргі уақытта тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясы қалпына келтіру жұмыстарының құнын есептеп жатыр. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірістік альпинистерді тарту мәселесі қарастырылуда.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау пәтер иелерінің міндеті екенін еске салды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 34-бабына сәйкес, кондоминиумның ортақ мүлкіне қасбет, кіреберістер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатыр, кіреберіс маңындағы шатырлар, шатыр асты, техникалық қабаттар, жертөлелер және жалпы үйге ортақ инженерлік жүйелер жатады.

Қазір оқиға бойынша жағдай бақылауда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий