Астанада жоғалған 14 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды: қылмыстық іс қозғалды
Елордада кеше ғана жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі Есіл өзенінен табылды. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 24 қараша күні болған. 2011 жылы туған Амангелді Асу есімді мектеп оқушысы кешкі сағат 18:30 шамасында Мұзтау көшесіндегі үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.
Қызының ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдаған анасы түнгі сағат 21:00-де полицияға жүгініп, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары мен еріктілер дереу жұмылып, жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Өкінішке қарай, ауқымды іздеу жұмыстарының нәтижесі қайғылы аяқталды.
Астана қалалық Полиция департаменті берген ресми ақпаратқа сәйкес:
«24 қараша күні сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан шамамен сағат 18:30-да қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпағаны туралы арыз түсті. Оны іздеуге полицияның жеке құрамы, еріктілер және басқа да жұмылдырылған күштер шұғыл түрде тартылды. Іздестіру шараларының нәтижесінде оқушының денесі өзеннен табылды. Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Соңғы жаңалықтар