Астаналық ұстаз соттасып жүріп біліктілігін арттырды
477
Астана қаласының Білім басқармасы тарих пәні мұғаліміне "мұғалім-модератор" біліктілік санатын беруден бас тартқан.
Жоғарғы сот таратқан ақпаратқа сәйкес педагогтерді аттестаттау 5 жылда бір реттен кем емес өткізілетіндігі негізге келтіріліп, арыз қанағаттандырылмаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес арыз иесінің 5 жылдық мұғалімдік өтілі болмаған. Бұл шешіммен келіспеген мұғалім қорғау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген.
Істі қарау кезінде сот келесі жайтты анықтады. Педагогтерді аттестаттау ережелері мен талаптарына сәйкес біліктілік санатын беруге өтінішті 2 жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар бере алады. Талап қоюшының еңбек өтілін зерделеу оның 2 жылдан астам мұғалімдік тәжірибесі бар екенін растады. Сот талап қоюшының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған, өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған. Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді, - делінген хабарламада.Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді. Фото: pixabay.com
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
23:27
Қазақстан төрешілер шешіміне келіспеді: Сабырха...
30.09.2026
22:12
«Төрешілермен келіспейтін тұстарым бар»: Елдос ...
30.09.2026
21:27
«Жоғары бағалаймыз»: Кремль Қазақстан Президент...
30.09.2026
21:03
Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттың тер...
30.09.2026
20:07
Тоқаевқа Бавария Премьер-министрі ерекше сыйлық...
30.09.2026
19:20
Полиция пунктінен 23 жастағы қыз өлі табылд...