Атақты Comedy Club бағдарламасы жабылатын болды
19 жыл бойы эфирде болған атақты ресейлік Comedy Club әзіл шоуы жабылады. Бұл туралы «Газпром-Медиа Холдинг» хабарлады.
Comedy Club жабылады. Телевизиялық эфирде 20 маусым, 800-ден аса түпнұсқа шығарылым, 2 ТЭФИ сыйлығы, 1 500 стендап, 4 мың миниатюра, әлемнің жүздеген қаласында 10 мың концерт – осындай көрсеткіштермен Comedy Club өзінің тағдырлы соңғы шығарылымына келіп отыр. Соңғы бағдарлама 20 қыркүйекте сағат 21:00-де эфирге шығады. Бағдарлама резидент, жүргізуші және аңызға айналған шоудың креатив продюсері Гарик Харламовтың ресми мәлімдемесінен басталады, - делінген «Газпром-Медиа Холдинг» баспасөз қызметінің Telegram-дағы хабарламасында.Сонымен қатар холдингтің баспасөз қызметі жүргізушінің мәлімдемесін де келтірген.
Құрметті достар, бүгін біз сіздерге шын мәнінде маңызды жаңалықты хабарлаймыз. Біз Comedy Club жабылатынын растаймыз, - деді жүргізуші және Comedy Club креатив продюсері Гарик Харламов.Жобаға қош айтысуға «Женский стендап» шоуының жұлдыздары, тележүргізуші Дмитрий Дибров, актриса Наталья Бочкарева, «Однажды в России» шоуының актерлері Азамат Мұсағалиев, Денис Дорохов, Яна Кошкина, клубтың бұрынғы резиденті және Okko продюсері Гавриил Гордеев, сондай-ақ Comedy Club бас продюсері Артур Джанибекян келеді. Актриса және телевидение жүргізушісі Юлия Меньшова клубтың резиденттерінен сахнада қоштасу сұхбатын алады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...