Атырауда балабақша тәрбиешісі баланы теуіп жіберді
Атыраудағы балабақшадағы зорлық: тәрбиешіге қатысты тергеу басталды
Атырау қаласындағы жеке меншік «Зейнеп Амина» балабақшасының тәрбиешісі балаға қол жұмсағаны үшін жұмыстан шығарылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең таралды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, оқиға 15 қаңтарда дайындық тобының тәрбиеленушілері арасында болған.
Атырау облысы Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеу жұмыстарын бастады.
«Оқиға Атырау шағын ауданындағы балабақшалардың бірінде болды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады ДП баспасөз қызметі.
Оқиғадан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды