Атырауда мұғалімге 80 млн теңге талап еткен белгісіз адам мектепті жаруға сес көрсетті
Атырау мектебіне жарылыс қаупі туралы хабарлама түсті
Атырауда мектеп мұғаліміне 80 миллион теңге бопсалап, мектепті жарып жіберемін деп қорқытқан белгісіз адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға 6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында №3 мектептің тарих пәні мұғалімінің телефонына келіп түскен хабарламадан басталған. Белгісіз адам 80 млн теңгені көрсетілген есепшотқа аударуды талап етіп, егер талап орындалмаса, мектепті 14:00-де жарып жіберетінін айтқан.
Мұғалім бірден құқық қорғау органдарына хабар берді. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келіп, мектеп аумағын тексерді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл ақпарат жалған болып шыққан.
«Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда. Мектепте сабақтар қалыпты режимде жалғасуда», – деп хабарлады Атырау облыстық білім басқармасы.
Полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдарының басталғанын және қаскөйді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды