Атырауда прокурор мен салық басшысы төбелесті

Атырауда прокурор мен салық басшысы төбелесті
29.01.2025 16:23
0
934
Атырауда прокуратура қызметкері мен МКД басшылары арасында төбелес болды.

Атырау қаласында прокуратура қызметкері мен Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) басшылары арасында жанжал орын алды. Оқиға салдарынан МКД басшысының орынбасары Бақытжанов Әліби ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

БАҚ мәліметінше, төбелеске Атырау облыстық прокуратурасының қызметкері Жанысбаев Асқар мен МКД басшысы Сауданбеков Айдын және оның орынбасары Бақытжанов Әліби қатысқан.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған сәтте шенеуніктер мас болған. Жанжал барысында прокурорлар МКД қызметкеріне ауыр соққы беріп, оны сол жерде қалдырып кеткен. Тек біршама уақыт өткеннен кейін мейрамхана қызметкерлері жедел жәрдем шақырған.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді:

"Қазіргі уақытта МКД қызметкерінің жарақат алуы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Прокуратура қызметкерлерінің аталған жанжалға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізуде," – делінген хабарламада.

🔹 Тергеу жүргізіліп жатыр
🔹 МКД қызметкері жансақтау бөлімінде
🔹 Прокурорлар оқиға орнынан қашып кеткен
🔹 Қызметтік тексеру басталды

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или