Атырауда төрт адамды өлтірген Сарсемалиевтің ісіне қатысты банк апелляциялық шағым түсірді
1716
Атырауда төрт адамның өмірін қиып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің қылмыстық ісі бойынша апелляциялық шағым берілді, шағымды сотталушы емес, екінші деңгейлі банктердің бірі түсірген, деп хабарлайды Politico.kz, kazinform сайтына сілтеп.
Еске сала кетейік, Сарсемалиев өз қайынағасын пышақтап өлтірген соң, марқұмның ұялы телефонындағы банк қосымшасы арқылы оның атына 4 миллион теңгенің тауарлық несиесін рәсімдеп алған. Сот үкімі шыққан күні судья несие беру кезінде клиенттің жеке қатысуын немесе бейне арқылы растауын талап етпеген банктің олқылығын атап өтіп, банк басшылығы мен облыс прокурорының атына жекеше қаулы шығарған еді. Құжатта осындай қылмыстардың алдын алу үшін несие беру талаптарын қайта қарау қажеттігі айтылған.
Осы қылмыстық істе жәбірленуші ретінде танылған қаржы ұйымының апелляциялық шағымды нақты қандай негізде түсіргені әзірге белгісіз. Облыстық сот өкілдері сотталушы Сұлтан Сарсемалиевтің тарапынан әзірге ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...