Атырауда жоғалған отбасы: Мейрамгүлді сіңілісі мен күйеу баласы алып кеткен
Журналист Жанат Молдашова Facebook әлеуметтік желісінде жоғалған отбасыға қатысты тың деректі жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол кісі қолынан қаза тапқан марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің туысқаны Шалқар Мұқанғалиевтен сұхбат алғанын мәлімдеп, көпшіліктің назарына ұсынды.
«Қыз бен күйеу бала 2 қараша күні таксимен келіп, 5 қарашаға дейін болған. Сонда Мейрамгүл солармен бірге кеткен. Оларды алып кеткен такси жүргізушісі соны айтып отыр. Бірақ олардың қасында Мақсот ағам мен Нәсіп жеңгем болмаған. Тек Мейрамгүл ілесіп кеткен. Ауыл халқы таңда малды шығарып жібереді де, үйлеріне кіріп, күні бойы телефонмен алданады ғой. Ешкім ешкімді іздемейді. Екісі мен бесінің аралығында қорадағы қойды кім шығарып, кім қамағанын да біле алмай отырмыз ғой. Мақсот ағам өзі шығарды ма, Нәсіп жеңгем қамады ма, ештеңе білмейміз. Ешкім көрмеген. Тек бесі күні ғана ауылдан таксимен шыққаннан кейін көршіге «Малды қамай салшы» деп жазған. 5 қарашада түскі сағат 14:00 кезінде таксимен шығып, кешкі бес жарым – алтыларда Атырауда, Геологта болған», - дейді Шалқар Мұқанғалиев.
Еске салайық, қазан айында жоғалған ерлі-зайыптылардың денесі кеше үй алдындағы қорадан табылды.
Соңғы жаңалықтар