Алматыда бес адам қаза тапқан үйді өртеді деген күдікпен әйел ұсталды

Алматыда бес адам қаза тапқан үйді өртеді деген күдікпен әйел ұсталды
Видеодан кадр

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының полициясы хабарлады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашада қаланың Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт салдарынан бес адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаның артында жеке бас араздығы болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған. Осылайша, оқиғаның мән-жайы қалпына келтіріліп, 37 жастағы әйел қолға түсті.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу