«Әлі күнге дейін жақсы көремін»: Танымал актердің бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы ашық айтты

«Әлі күнге дейін жақсы көремін»: Танымал актердің бұрынғы әйелі ажырасқаннан кейінгі өмірі туралы ашық айтты
Фото-коллаж: Politico.kz

Фариза Бекібай бұрынғы енесі туралы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жұбайы Фариза Бекібай ажырасқаннан кейін де бұрынғы қайын жұртымен жақсы қарым-қатынасын сақтап қалған.

Актриса бұрынғы енесіне деген құрметі ерекше екенін айтып, балаларын әке жағындағы туыстарымен араласудан шектемейтінін жеткізді. Бұл туралы ол «TABOO» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Фариза Бекібайдың айтуынша, некелері аяқталғанымен, бұрынғы қайын жұртымен арадағы сыйластыққа сызат түспеген. Балалары әр демалыс сайын әжесінің үйіне барып, уақыт өткізеді. Тіпті актриса түсірілім жұмыстарына байланысты үйден кеткен кезде балаларын бұрынғы енесіне еш алаңсыз қалдыратынын айтты.

Ол бұрынғы енесін ерекше құрметтейтінін және оны әлі күнге дейін «мама» ретінде жақсы көретінін жасырмады. Сондай-ақ бұрынғы қайынсіңлілерімен де аралас-құралас екенін атап өтті.

Актрисаның сөзінше, балалардың әке жағындағы туыстарымен байланыста болуы үшін ешқандай кедергі жасамайды. Керісінше, олардың жақын араласқанын қалайды.

Бұдан бөлек, сұхбат барысында Фариза Бекібай бұрынғы күйеуі Әбілмансұр Серіковтің шығармашылық жолы мен жеке өміріне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ ажырасуға дейінгі және одан кейінгі кезеңде бастан өткерген қиындықтарын да баяндады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу