Атыраудағы іс: Судья Ақбаянға қатысты қылмыстық істегі күмәнді жайтқа назар аударды
1333
Атырауда Мұқанғалиевтер отбасының өліміне қатысты сот процесі барысында судья Зарема Хамидуллина Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қозғалған жеке қылмыстық іске назар аударған болатын, деп хабарлайды Politico.kz.
"Ақжайық" басылымының жазуынша, сот отырысында судья қылмыстық іс материалдарын, соның ішінде Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты материалдарды жеке өндіріске бөлу туралы қаулыны жариялады.
Осы кезде судья мемлекеттік айыптаушыдан Ақбаян Мұқанғалиеваға Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша не себепті іс қозғалғанын сұрады. Себебі іс материалдарына сәйкес, ол психикалық ауруына байланысты ем қабылдап жүрген.
"Ол қылмыс туралы хабарламағаны үшін қалай жауап бере алады?" – деді судья прокурорға.
Кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Қазіргі уақытта Ақбаян Мұқанғалиева ем қабылдауын жалғастырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...