Атыраудағы оқиғаға қатысты күдіктінің анасы сұхбат берді

08.01.2026 22:29 Берік Арманов Берік Арманов
Атыраудағы оқиғаға қатысты күдіктінің анасы сұхбат берді
0
1285
Фото: видеодан кадр

Атырау облысында жасалған ауыр қылмысқа байланысты күдікті ретінде марқұмдардың 29 жастағы күйеу баласы – Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев аталды. Күдіктінің анасы Гүлнәр Әзмұханова ұлының мұндай әрекетке баруына сенбейтінін айтып, оның мінезі сабырлы, тәртіпті болғанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Сұлтан жұбайын төркініне апару үшін емес, дәрігерге көрсету мақсатында Атырау қаласына алып кеткен. Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын несие төлемі үшін ақша аударғанын да айтты.

«Мен баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Ол – тәртіпті, жуас бала. Мұндай іске баруы мүмкін емес. Әкесі қатал, содан қорқып өскен. Соңғы рет желтоқсанның 21-і күні ұлымнан 45 мың теңге түсті. Келінге ұялы телефон алып беру үшін 1 миллион теңге несие рәсімдеткен едік», – дейді күдіктінің анасы.

Анасының айтуынша, келіні І топтағы мүгедек әрі психиатриялық есепте тұрған. Төртінші баласынан кейін жүйке жүйесінде өзгерістер байқалып, сол себепті Сұлтан оны жиі дәрігерге апарып жүрген. Бұл жолы да бес баласын ата-әжесіне қалдырған. Қазіргі таңда немерелер ата-әжесінің қамқорлығында.

«11 желтоқсан күні хабарластым. Атыраудамын деді. Бір айтқанын түсінбей, нақтылап сұрадым, сол кезде видеоқоңырауға шықты. Балалардың суретін көрсетіп, “міне, балаларың аман, өзің қалайсың, Ақбаян қалай?” деп сұрадым. “Жақсымын, уайымдама, тағы хабарласамын” деді. Содан кейін байланыс үзілді. Шетелге кетемін деп ештеңе айтпаған. Тек қалаға апарып емдетіп алып келемін деген», – дейді Гүлнәр Әзмұханова.

Күдіктінің балалары бүгінде осы кісінің қолында.

«Балаларды өзім қарап жатырмын. Менің тек бір қателігім балаларға сенімхат алмаппын. Соған өкініп тұрмын. Оларды бағу маған қиын емес. Өзімнің немерелерім ғой. Жолдасым Астанада емделіп жатыр. Аяғы ісіп, дерті күшейіп кетті. Сондықтан қызым Айдана алып кетті. Ақылы клиникада емделуде. Төрт бала тәрбиелегенмін. Екі қыз, екі ұлым бар. Сұлтан – ең кенжем. Жасы жиырма тоғызда. Балам жуас болатын. Мұндайға бармайды. Әскерден кейін күзетте жұмыс істеді. Кейін жүк тиеуші болып істеп жүрген. Бастапқыда намаз оқыды дейтін. Бірақ көрген жоқпын. Үйге келіп оқымайды. Келін күні кешеге дейін, құлағанға дейін намаз оқыды», - деді күдіктінің анасы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий