Атыраудағы қанды оқиға: Марқұмдардың туысы жүрек ауыртар мәлімдеме жасады

11.03.2026 10:47 Мөлдір Талғат
Атыраудағы қанды оқиға: Марқұмдардың туысы жүрек ауыртар мәлімдеме жасады
2191
Фото: коллаж politico.kz

Атырау облысында болған қанды оқиғаға байланысты марқұмдардың туысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашевамен сұхбаттасқан құрбандардың жақыны Шалқар Мұқанғалиев бұл хабардың отбасы үшін өте ауыр тигенін айтты.

Оның сөзінше, күдіктілер ұсталып, елге жеткізілгені туралы ақпарат шыққанда туыстары соңғы сәтке дейін үміттенген.

«Қылмыскерлер ұсталды, елге әкелді деген кезде бір үміт болған еді. Бәлкім, тірі шығар дедік. Сондай үмітіміз оянған еді. Бірақ кеше сүйектері табылды дегенді естігенде оңай болған жоқ. Сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ», – деді ол.

Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, жақындарының сүйектерінің табылғанының өзі отбасы үшін бір жағынан маңызды болған.

«Сүйектің табылғанының өзі біз үшін жақсы жаңалық болып тұр. Өмір бойы іздеп жүргеннен, “қайда кетті, тірі ме?” деген белгісіздікте жүргеннен гөрі… Ендігі мақсатымыз – елге апару, жерлеу, жаназасын шығару. Сол парызымызды орындаймыз, бұйырса», – деді марқұмдардың туысы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий