Атыраудағы жұмбақ өлім: Индонезияда ұсталған ерлі-зайыпты туралы тың дерек айтылды

05.03.2026 11:37 Әсел Мұрат
Атыраудағы жұмбақ өлім: Индонезияда ұсталған ерлі-зайыпты туралы тың дерек айтылды
655
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен күйеу бала жұбайымен бірге Индонезиядан елге қашан жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, Индонезиядан ұсталған ерлі-зайыпты осы айда елге жеткізіледі.

«Қазіргі кезде екі күдіктіні елге жеткізу бойынша белсенді түрде жұмыс істеліп жатыр. Ал отбасының қалған екі мүшесіне қатысты кешенді іздестіру шаралары әлі де жүріп жатыр», -  деді Әділов.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. 

Жақында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен деген күдікке ілінген күйеу бала жұбайымен бірге Индонезияда ұсталған болатын. Келіншек бұған дейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарында болған еді. Кейіннен ол да күдікті ретінде танылды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий