Аудан әкімі, білім бөлімі басшысымен адам ұрлау дерегін жасырғаны белгілі болды

Аудан әкімі, білім бөлімі басшысымен адам ұрлау дерегін жасырғаны белгілі болды
09.09.2025 10:20
0
263
Фото: Астарлы ақиқат

Аудан әкімі, білім бөлімі басшысымен адам ұрлау дерегін жасырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жуалы ауданында білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гульмира Маденова, аудан әкімі Нұртаза Жалғас Алижанұлы мен оның орынбасары Ахметова Анар Садыққызы, білім бөлімі басшысы Бақыт Шертаевалар адам ұрлығы дерегін жасырып отырғанын бейнеүндеу арқылы айтты.

Жуалы ауданы әкімі Нұртаза Жалғас Алижанұлы- Ұлы Қазақ даласына белгілі Қазақ жазушысы, қоғам қайреткері, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туған немере інісі, мемлекеттік қызметкер, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың төменгі сатыда сенімді өкілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төменгі сатыдағы сенімді өкілі, адам ұрлау дерегін жасырып, Президенттің атына кір келтіруі туралы деректер бойынша, мемлекеттік қызмет істер агенттігі, әкімнің, оның орынбасары және мемлекеттік қызметкер аудандық білім бөлімі басшысының әрекеттеріне тексеру жүргізіп жауапқа тартуға асығар емес.

Жергілікті прокуратура мен басқада құзырлы органдар, адам ұрлау дерегін жасырған мемлекеттік қызметкерлерге шара көруге қауһарсыз, аталған бейнеүндеуге 1 жыл толды.

Азаматша Г. А. Маденова баласын аудан әкімі А. Нұртазаның, А.С. Ахметовамен Б. Шертаеваның ұрлағандығы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған дерек көздері бойынша, құқық қорғау органдарымен қылмыстық іс қозғалып, ол бойынша тергеу әрекеттері жүргізілмеген, осыған байланысты Г. А. Маденоваға қатысты жалған ақпарат тарату дерегімен қандайда бір заңды шаралар қолдануға негіздер болмай отыр- деп мәлімдеді, Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Е. Туменбаев.

Демек адам ұрлау дерегі орын алған және оны жасырған мемлекеттік қызметкерлер оны жасырғаны шындыққа жанасады деп пайымдалады. Себебі аталған ақпаратты мемлекеттік қызметкерлер теріске шығарылмаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий