“Әулеттегі ауыр жағдайлар оны қатты күйзелтті”: Сара Назарбаева туралы тың дерек шықты

01.05.2026 18:06 Қарақат АСЫЛОВА
“Әулеттегі ауыр жағдайлар оны қатты күйзелтті”: Сара Назарбаева туралы тың дерек шықты
343
Фото: Tengrinews.kz
Дінтанушы Бейбіт Сапаралы Сара Назарбаеваның жағдайы туралы пікір білдірді

Назарбаевтар әулетіне жақын тұлғалардың бірі саналатын дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына берген сұхбатында Сара Назарбаева туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Сара Назарбаева бүгінде аман, жасы 85-те. Соңғы жылдары ол көпшілік назарынан тыс қалып, ел алдына сирек шыққан. Сапаралы мұны әулет ішінде болған ауыр оқиғалармен байланыстырады.

Дінтанушының сөзінше, отбасы мүшелерінің тағдырына қатысты қиын жағдайлар Сара Назарбаеваға ауыр соққы болған. Атап айтқанда, немересі Айсұлтан Назарбаев қайтыс болған, сондай-ақ Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаева төңірегіндегі оқиғалар да оның денсаулығына әсер еткен.

Сапаралының айтуынша, соңғы уақытта Сара Назарбаева қатты сырқаттанған. Тіпті дәрігерлер оның жағдайына алаңдаушылық білдірген кездер де болған. Ол бұл жағдайды «рухани күйзеліс» ретінде бағалап, адамның жан дүниесіне түскен ауыртпалықтың денсаулыққа кері әсерін атап өтті.

Сонымен қатар, дінтанушы сұхбат барысында кейбір өмір салтына қатысты көзқарасын білдіріп, суық суға шомылу секілді тәжірибелердің денсаулыққа әсері туралы пікірін жеткізді.

Айта кетейік, Сара Назарбаева соңғы жылдары қоғамдық өмірден шеттеп, сирек көріне бастаған еді. Оның қазіргі жағдайы қоғамда жиі талқыланып келеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий