«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін бекітті

26.08.2026 18:33 Қарақат АСЫЛОВА
«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін бекітті
241
Фото: Kazinform

23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутаттық мандатты өзара бөлді, деп хабарлайды Politico.kz.

2026 жылғы 26 тамызда партия Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, мандат иеленетін кандидаттардың құрамы бекітілді. Депутаттар қатарына төмендегі есімдер кірді:

  1. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
  2. Байманов Шахмардан Асқарұлы
  3. Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
  4. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
  5. Иргибаев Мұрат Саматұлы
  6. Каджибекова Ажар Елемесқызы
  7. Киян Владимир Сергеевич
  8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы
  9. Райханова Динара Қуанышқызы
  10. Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы

Тізімді жасақтау кезінде заң талаптары ескеріліп, әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар азаматтардың жиынтық үлесі 60% жетті. Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін жолданды.

Партия өкілдерінің сөзінше, тізім кандидаттардың біліктілігіне қарай теңгерімді жасақталған. Олардың арасында агрономдар, ветеринарлар, биотехнология сарапшылары мен ғалымдар бар. Сондай-ақ мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және инклюзия мамандары да бар.

Жаңа фракция өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, білім, ғылым мен экология бағыттарында жұмыс істейді. Тізімге енбей қалған кандидаттар партиялық кадрлық резервке өтіп, сараптамалық әрі ұйымдастырушылық істерге тартылады.

Еске салсақ, Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша «Ауыл» партиясы 6,26% дауыс жинап, 10 орынға ие болған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий