Ақмола облысында ер адам әйелін көлікпен қағып өлтірді
Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйінде көлік тізгіндеген ер адам әйелін қағып кетті. Алған ауыр жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның күйеуі алкогольдік масаң күйде «ВАЗ-2114» автокөлігін тізгіндеп келе жатып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші көз жұмды», – деп мәлімдеді Ақмола облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Аршалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Ерлі-зайыптылардың жасы, қайғылы оқиғаның нақты күні мен мән-жайы, қай жерде болғаны және әйелдің көлік алдына қалай шығып қалғаны әзірге жария етілген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
10:37
Ақмола облысында ер адам әйелін көлікпен қағып ...
25.11.2026
10:32
Қазығұртта бас дәрігер мен кәсіпкер сотталды
25.11.2026
10:23
«Анасын жерледім» деп ақша алып, тойды тоқтатқа...
25.11.2026
10:11
Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысын бақылайтын к...
25.11.2026
10:04
«Қазатомөнеркәсіптің» төрт басшысы ұсталғаны ха...
25.11.2026
09:40
Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден аст...