Астанада 26 жастағы жігіт суицид жасады
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан 26 жастағы ер адамның денесі табылды. Астана полициясы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, ер адам кіреберістің қылтимасынан секіріп кеткен. Марқұмның жеке басы анықталып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеуге қатысты өзге мәлімет жарияланбады.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, оқиға елорданың сол жағалауындағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде болуы мүмкін.
Айта кетейік, қараша айының басында да Астананың Есіл ауданында екі жасөспірім қыз қаза тапқан еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.11.2026
11:18
Ресейдің наразылығын тудырған оқиға: Таразда ес...
25.11.2026
11:15
Астанада 26 жастағы жігіт суицид жасады
25.11.2026
10:37
Ақмола облысында ер адам әйелін көлікпен қағып ...
25.11.2026
10:32
Қазығұртта бас дәрігер мен кәсіпкер сотталды
25.11.2026
10:23
«Анасын жерледім» деп ақша алып, тойды тоқтатқа...
25.11.2026
10:11
Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысын бақылайтын к...