Ауыр қылмысы үшін 9 жыл іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ауыр қылмысы үшін 9 жыл іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды
Қырғызстаннан есірткі қылмысы үшін сотталған әйел экстрадицияланды

Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде есірткі контрабандасы мен саудасы үшін сотталған әйел экстрадицияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, әйел 2010 жылы ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік шекара арқылы 1 келіден астам гашиш алып өткен. Осы қылмысы үшін ол 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.

Алайда оның кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, сот жазаны өтеуді бала 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырған. Пробациялық бақылауда жүрген сотталған әйел 2017 жылы жазадан жалтарып, іздеуге жарияланған.

2026 жылдың наурыз айында әйел Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу