«Ауызын ашқандардың бәрі әнші емес»: Қабатовтың қызына сын жауды

14.01.2026 15:30 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Ауызын ашқандардың бәрі әнші емес»: Қабатовтың қызына сын жауды
0
66
Коллаж: Politico.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың ортаншы қызы Айым әлеуметтік желіде әнге арналған каверін жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Бейнежазба қысқа уақытта кеңінен таралып, желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Оқырмандардың бір бөлігі бойжеткеннің еркіндігіне және өнерге деген талпынысына оң баға беріп, оның шоу-бизнеске келуі мүмкін екенін алға тартты.

«Шоу-бизнеске келетін сияқты», «Әкесінен аумай қалған», «Керемет», «Осы қыз молодец», «Бақытты бол» деген жылы пікірлер жиі кездеседі.

Алайда пікірлер біржақты болмады. Кейбір желі қолданушылары ән айту шеберлігіне күмән келтіріп, сыни көзқарастарын білдірді.

«Дауысы жоқ», «Зарлап айтады», «Әншілік қабілет байқалмайды», «Ауызын ашқандардың бәрі әнші бола бермейді», «Дым дауыс жоқ» деген пікірлер де жазылған.

Сонымен қатар оқырмандар бойжеткеннің бұған дейін әкесімен бірге сахнада би билеп шыққанын еске алып, өнерден мүлде алыс емес екенін атап өтті. Кейбірі тіпті «Мамасынан жақсы айтады» деп салыстырмалы пікір қалдырған.

Қалай болғанда да, Тұрсынбек Қабатовтың қызының бұл қадамы көпшіліктің назарын аударып, оның болашақта өнер жолын таңдай ма, жоқ па деген сұрақты күн тәртібіне шығарды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий