Автобус аударылып, 18 адам қаза тапты

Мексиканың Оахака штатында жолаушылар автобусының аударылуы салдарынан 18 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Апат туралы ақпаратты Anadolu агенттігі хабарлады.
Штат губернаторы Саломон Хараның мәлімдеуінше, автобус ел астанасы Мехикодан шығып, Митла-Теуантепек тас жолында апатқа ұшыраған. Зардап шеккен 29 адамның екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Губернатор қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, оқиғаның нақты себептері анықталатынын мәлімдеді. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, қайтыс болған жолаушылар билеуші «Ұлттық жаңғыру қозғалысы» (MORENA) партиясының жақтастары болған. Олар жексенбі күні Мехикода өткен президент Клаудия Шейнбаумның митингісінен қайтып келе жатқан.
Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, апаттың мән-жайы анықталуда.
Соңғы жаңалықтар





