Мас күйінде әйелін тұншықтырып өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Мас күйінде әйелін тұншықтырып өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Pexels

Қырғызстанның Ош облысы Алай ауданында 37 жастағы тұрғын өз жұбайын өлтірді деген күдікке ілінді. Алдын ала тергеу деректеріне сүйенсек, ер адам ішімдік ішіп алып, әйелімен сөзге келген сәтте оны тұншықтырып тастаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияға әйелдің алған дене жарақаттарынан көз жұмғаны жөніндегі ақпарат 21 қараша күні түскі сағат 12:00 шамасында түскен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні болған. 1989 жылы туған жергілікті тұрғын үйінде алкогольдік мас күйде 1990 жылы туған жұбайымен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласқан.

Оқиға орнына облыстық және аудандық полиция басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жеткен. Аталған дерек бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Адам өлтіру») негізінде іс қозғалды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынуда. Облыстық полиция департаменті бұл отбасыдан бұрын-соңды тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе жанжалдарға қатысты ешқандай арыз-шағым түспегенін атап өтті. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу