Айдос Сарым желіде неге белсенді емес екенін айтты

07.10.2026 • 20:00 Томирис САҒЫНДЫҚ
Айдос Сарым желіде неге белсенді емес екенін айтты
137
Фото: inform.kz

Саясаткер Айдос Сарым әлеуметтік желіде неліктен аса белсенді емес екенін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Айдос Сарым DEMEDIA подкастында айтты. 

«Біріншіден, қызық емес. Шын мәнінде, виртуалды ортада пікірталас жүргізгенше, екі адамның басын қосып, бетпе-бет сөйлескенді көбірек ұнатамын, бұл — әлдеқайда пайдалы әрі тиімді. Әлеуметтік желілерде шындықты іздеп, мәселенің тереңіне бойлайтын адамдар өте аз. Көбіне "ура-ура" немесе қарғыс кетеді. Ал белгілі бір мәселені бастан-аяқ зерттеп, қазбалайтын сауатты тұлғалар сирек кездеседі, олардың көбін мен жеке танимын. Маған нақты бір сала бойынша кәсіби кеңес қажет болса, соның білікті маманын тауып алып, тікелей сөйлескенді жөн көремін. Бұл — жүйкені де сақтайды, нәтиже де береді», — деді Айдос Сарым.

Саясаткердің айтуынша, әлеуметтік желі саясаткерлер үшін мемлекеттік шешімдерді бағыттайтын басты бағдаршам болмауы тиіс. Ол тек қоғамдағы көңіл-күйді бақылап, белгілі бір идеялардың реакциясын тексеруге арналған қосымша құрал болғаны жөн.

«Сондай-ақ саясаткер болған соң, әлеуметтік желіге қарайлай беру — ұят. Оны тек қоғамның пікірін білу үшін, қажет болса, белгілі бір идеяны сынап көру немесе провокация жасау үшін пайдалануға болады. Ал «әлеуметтік желіде не айтылып жатыр» деп, соған қарап саясат жүргізу — үлкен ақымақтық. Ондай әріптестерім бар, бірақ есімдерін атамай-ақ қояйын, ұят болар», — деді Айдос Сарым.

Войдите, чтобы оставить комментарий